Русский Сайттың толық нұсқасы

Астанада XII-ші Еуразиялық медиа форум өз жұмысын бастады

  • AstanaTV
  • 24 сәуір 2014
  • 670

Бүгін Астанада кезекті ХІІ Еуразиялық медиа форум өз жұмысын бастады. Жыл сайынғы дәстүрлі басқосуға әлемнің түкпір-түкіпірінен 600-ден астам делегат келді. Олардың қатарында белгілі саясаткерлер, ғалымдар, қоғам қайраткерлері мен медиа өкілдері бар.

Биылғы форумның күн тәртібінде Иранның ядролық бағдарламасы, Таяу шығыс мәселесі және Ресей мен батыс қарым-қатынасын шиеленістірген Украинадағы саяси ахуал қарастырылмақ. Қатарынан 12-ші рет өткізіліп отырған форум осы жылдар арасында әлемнің өзекті саяси-экономикалық мәселелерін талқыға салатын диалог алаңына айналып үлгерді.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ