Сенатор Светлана Жалмағамбетова атбасарлықтарға
қаржылай көмек көрсетуге үндеді. Бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында
депутат Үкімет басшысы Кәрім Мәсімовке тиісті сауалын жолдады. Айтуынша,
қалпына келтіру жұмыстарына 2,4 миллиард теңге қажет. Сондай-ақ, Сенатор
әріптестерін бір күндік жалақыларын зардап шеккендерге аударуды ұсынды.
Айта кетейік, Ақмола облысының Атбасар
ауданында 500-дей үй қызыл судың астында қалды. 17 үй қирап, 164 баспана тұруға
жарамсыз деп танылды. Тағы 307-сі күрделі жөндеуді қажет етеді.
Светлана
Жалмағамбетова, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
Ал енді біз депутаттар, мен өз әріптестеріме, депутаттарыма үндеу
жарияладым. Оның ішінде мәжіліс депутаттары да қосылады. Бір күндік
жалақыларымызды осы фондқа аударамыз.
Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА