Русский Сайттың толық нұсқасы

«Джиро де Италия» марафонының 6-кезеңінде спортшылар жаппай құлады

  • AstanaTV
  • 16 мамыр 2014
  • 1107

«Джиро де Италия» марафонының 6-кезеңінде спортшылар жаппай құлады. Салдарынан команда капитандарының басым бөлігі біраз уақыт жоғалтты. «Астана» клубының капитаны Микеле Скарпони жеңімпаздан бір жарым минутқа қалып қойып, жалпы есепте 17-сатыға түсіп қалды.



АҚШ-та «Калифорния» туры жалғасуда. 173 шақырымнан тұратын 5-кезеңде «БМС» клубының өкілі Тайлер Финни жеңіске жетті. Жеңімпаздан 12 секундқа қалып қойған словакиялық Петер Саган екінші орынды иеленсе, үшінші сатыны Австралия спортшысы Мэтью Госс еншіледі. Жалпы есепте өзгеріс жоқ. 5-кезеңнен кейін Ұлыбритания спортшысы Брэдли Уиггинс жарыс лидерінің сары жейдесін әзірге ешкімге берер емес. Көшбасшыдан 28 секунд қалып тұрған «Гармин» командасының өкілі Рохан Денис екінші орында болса, үшінші сатыға потугалиялық Тьягу Машаду жайғасты. «Калифорния» турының жеңімпазы 18-мамыр күні белгілі болады.



Испания теннисшісі Рафаэль Надаль Италияда өтіп жатқан «Мастерс» турнирінің ширек финалына жолдама алды. Дәрежелі жарыстың үшінші кезеңінде әлемнің бірінші ракеткасы Ресей спортшысы Михаил Южныймен кортқа шықты. Бірінші сетте тай-брейкте қарсыласына есе жібергеніне қарамастан, үзілістен кейін тез жиналған Надаль таразы басын теңестірді. Шешуші сетте де алған бетінін қайтпаған Рафаэль Надаль қарсыласының жігерін құм қылып, 6-1 есебімен жеңіске жетті. Келесі ойында сербиялық Новак Джокович Германия спортшысы Филипп Кольшрайбермен ракетка түйістірді. Бірінші сетте ұтылғанына қарамастан, қалған уақытта қарсыласының бас көтеруіне мүмкіндік бермеген әлемнің екінші ракеткасы ширек финалға жолдама алды.

Самат ҚАНАҒАТОВ