Русский Сайттың толық нұсқасы

Астана әуежайы таңғы 9-дан 12-ге дейін рейстерді қабылдауды тоқтатты

  • AstanaTV
  • 25 сәуір 2014
  • 1248

Әскери шеруге даярлыққа орай Астана халықаралық әуежайы бүгін таңғы 9-дан 12-ге дейін рейстерді қабылдауды тоқтатты. Рейстерді қабылдау және ұшыру кестесіндегі өзгерістер бесінші мамырға дейін жалғаспақ.

Әуежайдың ресми сайтындағы алдын-ала дерек бойынша, әуе кеңістігі 24-30 сәуір аралығында және мамырдың 2,3,5 күндері сағат 10.30-дан 12.30-ға дейін жабылатыны туралы хабарланған. Әуе дәлізінің жабықтығына байланысты әуежайдың жұмысы тоқтатылып, рейстер кідіретіні туралы айтылған.

Айта кетейік, 7 мамырда Астанада Отан қорғаушылары күніне орай ауқымды әскери шеру өтеді. 

Жұрағат БАМАН