Русский Сайттың толық нұсқасы

Алтынбек Құбайдуллиннің өлімі бойынша прокуратура арнайы тексеріс жүргізеді

  • AstanaTV
  • 28 сәуір 2014
  • 1149

Алтынбек Құбайдуллиннің өлімі бойынша прокуратура органдары арнайы тексеріс жүргізуі тиіс. Бұл туралы Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов мәлімдеді. Оның айтуынша, майор Құбайдуллин қызметіне өткен жылдың мамырында тағайындалған. «Осы аралықта ол еш сөгіс алмаған», - дейді министр. 

Қалмұханбет Қасымов ҚР, Ішкі істер министрі:

Мен бұл сұраққа тек қаржы полициясының ақпарына сүйеніп жауап бере аламын. Білуімше, арнайы құрықтау операциясы жүргізілген. Тергеу кезінде Құбайдуллин өзін нашар сезінетіндігін айтқан. Бұл себепті оны ауруханаға жеткізген көрінеді. Алайда ол сол жерден ізін суытқан. Міне кеше оның өлі денесі табылды. Қазіргі таңда медициналық сараптама жүргізілуде, ал істі арнайыландырылған прокуратура қарайды.

Жұрағат БАМАН