Русский Сайттың толық нұсқасы

Байқоңыр ғарыш айлағынан отандық «KazSat-3» спутнигі ұшырылды

  • AstanaTV
  • 28 сәуір 2014
  • 3423

Бүгін Байқоңыр ғарыш айлағынан отандық «KazSat-3» спутнигі ұшырылды. Мамандар сөзінше, пайдасы орасан осы спутник арқылы Қазақстан 4 миллиард теңгені үнемдейді. Ал бұдан кейін төртінші спутниктің жобасы қолға алынбақ.

«KazSat-3» спутнигі телевизиялық хабар тарату, интернет және деректерді беру ісін қамтамасыз етеді. Спутник ұшу сынағынан өткеннен кейін, алдағы күзде ғана іске тартылады.

Айта кетейік, осыған дейін ұшырылған алғашқы «KazSat»-тың жолы болмады. 15-тен астам мемлекеттің компаниясы қатысқан спутник бір жылдан кейін ғарыш көгінде із-түзсіз кетті. Қазір ғарыштағы екінші «KazSat»-тың  жүктемесі 63,3 %.

Ал «KazSat-3» жобасы толығымен ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етпек, яғни ақпараттық тәуелсіз болуға жағдай жасайды дейді Ұлттық ғарыш агенттігі. Спутник барлық байланыс түрлерінің таралуын жеңілдетпек. Қос жерсерік Ақмола облысындағы «Ақкөл» және Алматы облысындағы "Көктерек" ғарыш аппараттарын басқару кешендері арқылы басқарылады. 

Ербол Дәулетов, Ұлттық ғарыш агенттігінің ресми өкілі:

Сәтті ұшты. Негізгі қабылдау шаралары тамыз-қыркүйек айларында болады. Осы уақытқа дейін Ресей тарапы сақтандыру, геостанционарлық орны бар, соған ұшқанға дейін Ресей жағы жауап береді. Сосын объектіні қабылдап алған сияқты, қыркүйек айында қазақ жағына өтеді. Сол кезден бастап «KazSat-2»-мен бірге жүмысқа кіріседі деп үміттенеміз. 

Еркін ҚАРИН