Русский Сайттың толық нұсқасы

Таразда жат ағымдар жайын сөз еткен ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

  • AstanaTV
  • 28 сәуір 2014
  • 1503

«Діни экстремизм мен терроризм қаупіне қарсы тұру мәселелері мен болашағы». Осындай тақырыппен Таразда жат ағымдар жайын сөз еткен ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Жамбыл облысы әкімдігі мен облыстық прокуратура ұйымдастырған жиынға діни бірлістіктер мен дінтанушылардан бөлек, үкіметтік емес ұйымдар мен құқық қорғау органдары өкілдері қатысты. 

Санамызда қалыптасқан діни дәстүрімізге кері ағымдар кесірі аз емес. Осы мақсатта 2013-2017 жылдарға арналған діни экстремизм мен терроризмге қарсы мемлекеттік бағдарлама бекітілген болатын.

Айдос Майлыбаев, Жамбыл облысы прокурорының орынбасары:

Бұл бағдарламаның басты мақсаты - азаматтарды діни экстримизм мен терроризимнің қоғамға зияндылығын түсіндіру. Және олардың діни біліктіліктерін арттыру болып табылады. Сонымен бірге осы аталған қауіпті құбылысты түпкілікті жою - құзырлы органдардың басты міндеті.

Бүгінде бір отбасында бірнеше дін ұстанушылар бар. "Мұның бәрі мысықтілеу миссионерлердің жымысқы саясатының салдары", - дейді сарапшылар. Конференцияда 3 жыл бұрын Таразда болған терактіге экстремистік пиғылда жасалған қылмыс деген баға берілді.

Қанат Наурызбаев, ҚР ҰҚК Жамбыл облысы бойынша департаменті басқармасының бастығы:

Бізде неге мұндай жағдайлар көп орын алады? Олар қайдан пайда болады? Өйткені, өкінішке орай, біздегі Салафизим, Табиғи Жамағат, Хиз-Бут Тахир тағы басқа, түрлі протестанттық ағымдар көп.

Және олардың діни бұрмалаушылығы мен соқыр сенімдеріне иланушылар да көп. Ал олар өз насихаттарын тез сенгіш келетін жастар арасында бастайды.

Конференция соңы пиғылы жаман ағымдармен күрес шараларының ауқымын кеңейту және күшейту бойынша дәрістер оқытылды.

Данияр ӘЛІМҚҰЛ