Русский Сайттың толық нұсқасы

Қашаған кенішінен мұнай өндіру жұмыстары биыл жанданбайды

  • AstanaTV
  • 29 сәуір 2014
  • 1225

Қашаған кенішінен мұнай өндіру жұмыстары биыл жанданбайды. Кенішті игеруші "North Caspian Operating Company" ұйғарымы осы. "Кеніш құбырларына жүргізілген сараптама қорытындысына сәйкес, енді жасанды D аралынан «Болашақ» зауытына дейін тартылған құбырлар түгел ауыстырылады", - деп NCOC компаниясы хабарлады.

Қашағаннан мұнай өндіру бір жылдан астам уақытқа шегерілетінін Экономика және бюджетті жоспарлау министрі де мәлімдеді. Ерболат Досаевтың айтуынша, өндіріс 2015 жылдың соңында басталуы ықтимал. 

Ерболат Досаев, ҚР Экономика және бюджетті жоспарлау министрі:

Консорциумның бүгін берген ақпаратында осы жылдың соңына шейін коммерциялық мұнайдың табуы шықпайды. Ендігі жылы жұмыстар өткізілгеннен кейін, екінші тоқсан соңында ма, 2015 жылдың аяғында ма шығады. Енді осыны күтеміз. Әлі бір-екі айдан кейін консорциум жұмыстарын бітіргеннен кейін, зерттеу жұмысын не қылғаннан кейін, қашан бастайды, соны күтеміз.

Жұрағат БАМАН