Русский Сайттың толық нұсқасы

АҚШ-тың бірнеше штатында жайпап өткен торнадо құрбандарының саны 18-ге жетті

  • AstanaTV
  • 29 сәуір 2014
  • 1029

АҚШ-тың Арканзас, Айова және Оклахома штаттарында соққан құйын салдарынан қаза болғандар саны 18-ге жетті. АҚШ метеорологиялық қызметі осындай мәлімет таратты. Он сегіз адамның он алтысы - Арканзас штатының тұрғындары.

Жергілікті теларналар дауылдан кейінгі кадрларды көрсетіп жатыр. Желдің күшті болғаны сонша, қалада көліктер допша домалап, ғимараттардың талқаны шыққан. Ағаштар тамырмен жұлынып, кейбір үйлердің орыны тып-тыйпыл.

Куәгерлердің айтуынша, Велония қаласының орталығы жермен жексен болған. Дүлей дауылдан қалааралық тас жолдар жабық. Әзірге шығын көлемі есептелген жоқ. Бірақ оның миллиондаған доллардан асатыны белгілі.

Мөлдір БАҚЫТ-ҚЫЗЫ