Русский Сайттың толық нұсқасы

Орал өңірінің үздік дәрігері смс-хабарлама арқылы анықталмақ

  • AstanaTV
  • 29 сәуір 2014
  • 1365

Оралдықтар ең үздік дәрігерді анықтауға кірісті. «Рақмет сізге, дәрігер!» акциясы аясында қолға алынған «Пациент дауысы» жобасына облыстың барлық тұрғыны қатыса алады.

Олар өз қызметіне адалдығы мен біліктілігін танытқан дәрігерлерге телефон арқылы дауыс бере алады. Бұл үшін арнайы нөмірге «Рақмет» сөзі мен дәрігердің аты-жөні мен аймақтың атауын жолдау шарт. Смс-хабарлама құны операторлар белгілеген тарифке сәйкес.

Айта кетелік, мұндай байқау Қазақстан бойынша Оралда алғаш рет өткізіліп отыр. Күні бүгін Батыс Қазақстан облысындағы емдеу мекемелерінде 1 мың 600-ге жуық дәрігер жұмыс істейді. Өз міндетін мүлтіксіз атқарған өзге де мамандар ұмыт қалмай, ең үздік ота жасаған дәрігер, науқастың өмірін аман сақтап қалған тәжірибелі мейірбикелер де маусымның 10-нда марапатталмақ.

Мәншүк Аймұрзиева, БҚО Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:

Жолданған смс-хабарлама арқылы жеңімпаздар анықталады. Осылайша, облыс, аудандары мен қаладағы аурухана-емханалардан ең үздік дәрігерді іріктейміз. Жеңімпаздарға өздерінің төл мерекесі күнінде бағалы сыйлықтар беріледі.

Еркін ҚАРИН