Русский Сайттың толық нұсқасы

Н.Назарбаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысына қатысты

  • AstanaTV
  • 30 сәуір 2014
  • 766

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Минскіде өткен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысына қатысты. Нұрсұлтан Назарбаев, Ресей және Беларусь президенттері - Владимир Путин мен Александр Лукашенко қатысқан жиында Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың негізгі ережелері қосымша талқыланды.

Қазақстан, Ресей және Беларусь басшылары шартты дайындауда ілгерілеушілік барын айтты, сондай-ақ оны әзірлеуге іскер топтардың белсене қатысқанын атап өтті. Үш елдің көшбасылары құжаттардың келісілу үдерісін оң бағалап, мұның мемлекеттер арасында қалыптасқан қарым-қатынастардың жоғары деңгейінің нәтижесі екенін атап өтті.