Русский Сайттың толық нұсқасы

Астанада "Қазақ елі" алаңында Президенттің қатысуымен бірлік тойы болып өтті

  • AstanaTV
  • 01 мамыр 2014
  • 1222

Бүгін "Қазақ елі" алаңы татулықтың тал бесігіне айналды. Астанада Президенттің қатысуымен өткен бірлік тойы биыл да өз ерекшелігімен есте қаламақ. Оған 700-ге тарта өнерпаз қатысты. Оның ішінде танымал шет елдік қонақтар да бар.

Биылғы бірлік күнінің болмысы, реңкі ерекше. Дайындық, бөлінген қаржы жылдағыдан бөлек екені аңғарылып ақ тұр. Ақ көгершінге балап көкке саң мың шар ұшырған Астана аспаны, айрандай ұйып отырған ұлан-ғайыр еліміз татулықтың қадірін тіпті түсінгендей. 

Қыстың ызғары қайтпай тұрған Астана аспаны бүгін шайдай ашылды. Ауа-райының өзі мамыражайлық танытқан бірлік күні алаңға ағылып жатқандардың қарасы қалың. Оның ішінде Мемлекет басшысы да бар.

Рас, кейде жатталып кеткен сөздің терең мағынасын түсінуге тырыспаймыз. Президент қалың қауымға "Бірлік жоқта тірліктің болмайтынын" қарапайым мысалдармен түсіндірді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Егер де отбасында бірлік болмаса, онда отбасы иелері ажырасып кетеді. Зауыт, фабрика, компанияның ортасында бірлік болмаса, ол банкрот болып құриды. Егерде мемлекет ішінде бірлік болмаса, әр өңір әр жаққа тартатын болса, онда мемлекет құрдымға кетеді.

Биылғы сахнаның сәні бөлек. Қазақ еліндегі бірлік тойы халықаралық сипатқа ие болғандай. Сахна сыртында көпшілік жапа-тармағай суретке түсіп жатқан әйгілі "Ялла" тобының әншісі. Бүгін Астана төрінде бауырлас елге арнап жазған әнін тарту етеді.

Ал мына зор дауысты жігіттер Гүржі елінен келген. Жұрт жаппай жұмыла тойлайтын мұндай мереке қазір туған елдеріне жоқ екенін жасырмайды.

Давид Ростомашвили, "Чохосневи" хорының жетекшісі, Грузия:

Раньше, когда я в школе учился, масштабно отмечали. Сейчас нет.

Таулы өлкеден төрт күні жүріп жеткен шешен өнерпаздары, түбіміз бір түркі елінен, құдайы көршіміз Ресейден де ат артып арнайы жеткендерге бір-бір үй тігілген. Кезінде "Үш құдықты" әйгілі еткен "Яллалықтар" енді Астананың атын шығаруға кіріскенге ұқсайды.

Ооо, Астана, город над рекой, Ооо, Астана, ты любовь моя.

Мұншалық көп елдің мәдени мұрасы салтанат құратын сахна кемде кем.

Бүгінгі тағы бір ерекшелік этноауыл. Қазақ жерін мекен еткен әр халықтың салт-дәстүрі мен тарихынан хабар беретін мынадай үйлер. Әкімдік ақша бөліп орнатқан. Содан соң әр бірлестік өзінше безендірген. Бүгін ұлттық мақтанышын паш етуге әркімнің бар таласы. Мәселен, өзбек ағайындар тайқазанға палау әзірлеп, тегін үлестуге әзір.

Хасан Шарипов, Астана қалалық өзбек этно-мәдени бірлестігі төрағасының орынбасары:

Потребовалась 15 кг риса,10 кг мяса и 10 кг моркови.

Бірлік ынтымақ жайында атам қазақ айтып кеткен нақыл көп. Жаугершілік шайқастардан зәрезап болған ата-бабаларымыз ушыққан аумалы-төкпелі оқиғалар да "ырыс түбі ынтымақ" екенін дәледей түскендей.

Мөлдір БАҚЫТ-ҚЫЗЫ