Бүгін еліміздің барлық өңірлерінде Қазақстан халқының
бірлігі күні аталып өтуде. Ал Астанадағы думан ордасы - "Қазақ елі" алаңы.
Қауымды мерекемен құттықтауға Мемлекет басшысы Нұрсұлтан
Назарбаев келді. Бас шаһарда ұлыстар достастығы мерекесіне орай этноауыл
құрылып, ұлттық тағамдар жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Астанадағы мерекелік шара
жан-жақты әрі мазмұнды өтіп жатыр. Сондай-ақ, бүгін елорда тұрғындары мен
қонақтары алыс-жақын шет елден келген 700-ден астам әртістің өнерін
тамашалайды.
Кейін Қазақстан ұлыстарының қолданбалы өнер және тұрмыстық
бұйымдары көрмесі ашылып, спорт жарыстары ұымдастырылады. Сән-салтанатымен өтіп
жатқан мереке туралы репортажды қорытынды жаңалықтарымыздан көре аласыздар.
Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА