Русский Сайттың толық нұсқасы

Таразда «Ардагерлерді ардақтайық!» акциясы аясында ардагерлерге көмек көрсетілмек

  • AstanaTV
  • 01 мамыр 2014
  • 1468

«Ардагерлерді ардақтайық!». «Нұр Отан» партиясы осылай айдар таққан бастамасы аясында Жамбыл облыстық филиалының бастауыш партия ұйымдары соғыс көрген жандардың бүгінгі тыныс тіршілігімен танысты.

Оған «жас отандықтар» мен үкіметтік емес ұйымдардан барлығы 1360 ерікті жұмылдырылды. Олар өңірдегі көзі тірі соғыс ардагерлерін аралап, әлеуметтік сауалнама жүргізуде.

Алғашқы боп бас партия белсенділері тараздық ҰОС ардегері Жұманәлі Пәзілбаевтың шаңырағында болды. 90-дағы қарт жауынгермен сұхбат жүргізіп, бүгінгі тұрмыс жағдайымен танысты. Омырауындағы ордендері мен медальдары - қарияның Ленинград пен Беларусь түбіндегі қанды шайқастарға қатысқандығының куәсі.

Айта кетейік, Жамбыл облысында қазір 298 ардагер бар. Барлығы «Ардагерлерді ардақтайық» жобасының шапағатын көрмек. Жамбыл облысындағы 3 қала мен 152 ауылдық округтегі еріктілер ардагерлерге сәлем береді. Жан-жақты зерттеу жұмыстары жүргізіліп, сауал парақтары сарапталады. Соның қорытындысы бойынша ардагерлер күнделікті өмірлеріне қажетті көмек түрлерімен қамтамасыз етілмек.

Нұркен Иманалиев, «ҚазТрансГазАймақ» АҚ Жамбыл облысы бастауыш партия ұйымының төрағасы:

«Нұр Отан» партиясының ардагерлерді ардақтайық жобасы - бұл тек қана бір күндік және мерекеаралық шара емес. Бұл жобаға партиямыздың 900 мың мүшелері, облыстық, аудандық филиалдарының бастауыш партия ұйымдарының өкілдері жұмыла кірісті.

Данияр ӘЛІМҚҰЛОВ