Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстандық ардагерлердің бүгінгі жай-күйі қалай?

  • AstanaTV
  • 06 мамыр 2014
  • 1550

Ардагерлер қандай құрметке де лайық. Алайда от пен оқтан аман оралған қарияларды тек мамыр мерекесі қарсаңында ғана елеп ескеріп жататынымыз рас. Адамзатқа Ұлы жеңісті алып берген қазақстандық ардагерлердің бүгінгі жай-күйі қалай? Оларды не толғандырады? 9 мамыр, Ұлы жеңіс мерекесі қарсаңында тілшіміз Азамат Алдоңғаров осы сауалдарға жауап іздеп Астаналық ардагерлер кеңесі мен үйлерін аралап қайтты. 

Михаил Куликов, ҰОС ардагері:

Нас ордена отличали, что мы с фронта, поэтому нас качали, как можно выше подбрасывали  и ловили старательно. Вот так встретили победу на станции метро "Сокольники".

Дәл сол қуанышты сәттен бері 69 жыл өтті. Алайда жеңістің тәтті дәмі, баға жетпес құндылығы кеміген емес. Михаил Куликов. Қатыгез 41-де 18-дегі жігіт еді. Сол бір қиын жылдар есіне түскенде көзіне еріксіз жас алады. Сұрапыл соғыс інісі мен әкесін жалмады. Өзі болса жалынды жастығын майданға арнады.

Михаил Куликов, ҰОС ардагері:

Ценою огромных потерь, огромных жертв, огромных страданий и фронтовиков, и тружеников тыла. 

Жыл санап қатары сиреген ардагерлердің елорда мен қала маңындағы ауылдарда 260-тан астамы тұрады. Болашаққа бейбіт өмірді тарту еткен оларға ұрпағы мәңгі борыштар. Оны өтеу жолында атқарылып жатқан игі шаралар жетерлік. Мысалы, ардагерлер түгелдей баспанамен қамтамасыз етілген. Майдангер, тыл еңбеккері деп бөле жару жоқ. Себебі барлығы бір жеңіс үшін жұмылды.

Омар Жақыпұлы соғыс басталғанда 7 жасар бала еді. Жастығына қарамай еңбек етті. Бүгінде "Достар" шағын ауданында ардагерлер кеңесінің төрағасы.

Омар Жақыпов, ҰОС тыл еңбеккері:

Далаға шығайын десем, ешкімді танымаймын, баратын жер жоқ, сосын ойладым, бұл халде бұларда деградация болады екен, енді семьялар, кемпір-шалдар бар, жеке тұратындар бар, олардың барлығын ойлай беретін болсақ, жақсы жағдай емес. Оларды ауыртып аламыз. Сосын барып мен хат жаздым әкімге.

Майданның ыстық-суығын бірге көрген замандастар жиналатын орталық ашылса деген қариялар тілегін Алматы аудандық әкімдігі орындады. Кеңес жұмысы 2011 жылдан бастап жанданды. Үйлердің бірінен шағын бөлме берілді. 130 тыл ардагерінің көңіліне бұл да медеу. Бүгінгі бейбіт өмірге сүйсініп, көңіл сергітеміз дейді. Айына бір рет мектеп оқушыларымен кездеседі. Денсаулық сыр берсе, емханаларда кезексіз ем алады. Астанадағы нөмірі 4-ші емхана биыл да дәстүр бойынша Ұлы жеңіс қарсаңында ардагерлердің басын қосты.

Кәмшат Батырбек, ардагерлер бөлімінің терапевті:

1 сәуірден бастап маслихаттың шешімімен Астана қаласында барлық ардагерлерді 4-ші қалалық емханада қараймыз. Оларға арнайы медициналық көмек, ардагерлерді үй жағдайында бақылаймыз, аптасына бір рет терапевттің бақылауында болады. Ардагерлерді келе жатқан мерекесімен құттықтаймыз.

Бейбіт күннің қадірін майдангерлерден артық ешкім білмес. Ал саналы ұрпақтың қасиетті міндеті - сол бейбітшілікті бекемдей түсіп, майдангерлердің жасаған ерлігін ұмыт қалдырмау.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ