Русский Сайттың толық нұсқасы

Астана балабақшаларында алдағы маусым айынан бастап 3 мың орын босайды

  • AstanaTV
  • 12 мамыр 2014
  • 1091

Астана балабақшаларында алдағы маусым айынан бастап 3 мың орын босайды. Сөйтіп 2 маусым мен 2 шілде аралығында бүлдіршіндерді балабақшаға қабылдау шарасы басталады.

Елорда әкімдігінің ресми сайтында хабарланғандай, жалпы орындар санының 20-25% жеңілдікті кезек бойынша өтетін балаларға беріледі, қалғаны 2-6 жастағы балалар арасында бөлінеді. Бұл әр жастағы балаға 600-ге жуық орыннан тиеді деген сөз.

Айта өтейік, соңғы жылдары Астанада баланы балабақшаға орналастыру мәселесі аса өзекті болып отыр. Сондықтан халық бала туа сала, оны балабақшаға кезекке қояды. Елордада жыл сайын туу көрсеткіші артуда, оған қоса көшіп келушілер легі де көбейіп барады.  Жыл басында мұндағы халықтың өсімі 4 мың адамнан асқан.

Илхам ИБРАХИМ