Литвада өткен президент
сайлауының бірінші кезеңінен кейін Даля Грибаускайте көш бастап тұр. Орталық сайлау комиссиясы жариялаған алғашқы мәліметтерге қарағанда, Балтық елін
басқарып отырған Грибаускайте 46,58 % дауыс жинаған. Екінші орында 13,89%
дауыспен социал-демократтар партиясының
өкілі Зигмантас Бальчитис. Ал үшінші
болып Еңбек партиясының мүшесі Артурас Палаускас келеді.
Дауыс беру
науқаны жергілікті уақыт бойынша 20:00-де аяқталды. Енді Грибаускайте мен Бальчитис президент сайлауының екінші
сатысында кездеспек. Бастапқыда президент орынтағынан 7 адам үміткер еді.
2009 жылы Литва президенті болып сайланған
Даля Грибаускайте елді экономикалық дағдарыстан шығару үшін қаржылық
тәжірибесін пайдалануға сөз берген.
Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА