Русский Сайттың толық нұсқасы

Еліміздің 78 жасар студенті бүгін диплом жұмысын қорғады

  • AstanaTV
  • 12 мамыр 2014
  • 1197

Еліміздің ең қарт студенті бүгін диплом жұмысын қорғады. Қазақстан мен Қырғызстанның еңбек сіңірген қайраткері Ілия Жақановтың бейнелеу өнері мамандығы бойынша жасаған еңбегін кәсіби мамандар "өте жақсы" деп бағалады. Жазушы, өнер зерттеушісі, композитор осыдан екі жыл бұрын Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетіне суретші мамандығына оқуға түскен еді.

Ақсақал жасы бейнелеу өнерінің қыр-сырын айқын меңгеріп талапты студент атануына кедергі келтірген жоқ. Осылайша бала кезгі арманына 78 жасында қол жеткізіп, кәсіби суретші атанып шыға келді. Дипломдық жұмысының атауы - "Жерұйық" триптихы. Кең байтақ еліміздің көз тартар табиғатына арналған.

Базаргүл ІЗІМОВА