Русский Сайттың толық нұсқасы

Шығыс Қазақстанда халықаралық стандарттарға сай, олимпиадалық типтегі бассейн кешені ашылды

  • AstanaTV
  • 13 мамыр 2014
  • 1296

Өскеменде халықаралық стандарттарға сай, олимпиадалық типтегі бассейн кешені ашылды. Жаңа кешен еліміздегі су спортын дамытып, жас спортшыларды баулуға тамаша мүмкіндік бермек. Пайдалануға жарамды 5,400 шаршы метр аумағы бар. Сиымдылығы 720 орынды құрайды. Су тереңдігі 4 метрден астам.

Ерекшелігі сол, бұл кешен «Туған жерге тағзым» акциясының аясында демеушілердің қаражатына салынған. Алдағы уақытта мұнда түрлі халықаралық деңгейде жарыстар өткізу көзделіп отыр. Сондай-ақ су спорты мектебін ашып, шәкірт тәрбиелеу қолға алынбақ. Елімізде су спортына баулитын мамандар аз болғандықтан шетелден жаттықтырушылар шақыру да ойда бар.

Бассейн тамаша. Ұзындығы 50 метр. Бұндай кешенді тосқанымызға өте көп болды.

Менің ойымша енді біздің қаламызда үлкен жарыстар мен чемпионаттар өтетін болады.

Қанат ОРАЛБЕК