Русский Сайттың толық нұсқасы

Минскте шайбалы хоккейден әлем чемпионаты жалғасуда

  • AstanaTV
  • 12 мамыр 2014
  • 1467

Минскте шайбалы хоккейден әлем чемпионаты жалғасуда. Топтық кезеңде сынға түсіп жатқан Қазақстанның ұлттық құрамасы жеңілістен көз ашар емес. Алғашқы ойында Германия командасына ұтылған Ари Пекка Селиннің шәкірттері келесі ойында Беларусь құрамасына 4:1 есебімен жол берді.

Қазақстанның ұлттық құрамасына элиталық дивизионда қалу үшін бір ойында ғана жеңіс керек. Қазір команда қоржынында бір ұпай бар. Бірақ жарыс иелері бізге ондай мүмкіндікті берген жоқ. Қазақстан құрамасы Андрей Гаврилиннің көмегімен есеп ашқанына қарамастан, қақпасына бірден қос шайба жіберіп алды. Алдымен Андрей Степанов таразы басын теңестірсе, артынан Николай Стасенко командасын алға шығарды. Екі шайбамен шектеліп қалмаған Беларусь хоккейшілері шабуылдарын жалғастырып, кездесу соңына дейін Виталий Еремеев қорғаған қақпаға тағыда екі шайба соқты. Бұл сәттерде Сергей Костицын мен Алексей Калюжный жанкүйерлер қуанышына бөленді. Келесі кездесуін Ари Пекка Селиннің шәкірттері 13 мамыр күні Латвия командасына қарсы өткізеді.



Қазақстанның Футбол федерациясы мен еліміздің Білім және ғылым министрлігі ынтымақтастық меморандумына қол қойды. Аталмыш құжат оқушылар мен студенттерді бұқаралық футболға тартуға негізделген. Меморандум аясында білім ошақтары аймақтық және республикалық жарыстар ұйымдастырып, футболдан студенттер Ұлттық лигасы құрылды.

Аслан Сәрінжіпов, ҚР Білім және ғылым министірі:

Дамыған елдердің тәжірибесі. Басқа елдерде де студенттер футбол болсын, басқа спорт болсын чемпионаттар өткізеді. Студенттер соған қатысып, бос уақыт және денсаулық мәселелері шешіледі. Сондықтан, біз ойындарды биыл бастаймыз. Астанадан бастаймыз.

Студенттер лигасының жарысы 14 мамыр күні басталады. Аталған турнирге 8 команда қатысып, өзара мықтыны анықтайды.

Самат ҚАНАҒАТОВ