Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтауда белгісіз адам 7 жасар баланы атып жаралады

  • AstanaTV
  • 13 мамыр 2014
  • 1093

Ақтауда 7 жасар балаға оқ тиіп,ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Оқыс оқиға қаладағы шағын аудандардың бірінде орын алды. Жедел жәрдем мен полиция қызметкерлерін куәгерлер шақырды.

Облыстық балалар ауруханасынан хабарлағандай, оқ баланың кеуде тұсынан тиген. Оған шұғыл түрде ота жасалды. Баланың жалпы жағдайы туралы әзірге мәлімет берілген жоқ. Оқиға орнында Ақтау қалалық ІІБ криминалдық полиция бөлімінің тергеу тобы жұмыс жасауда.