Русский Сайттың толық нұсқасы

ҰҚК шекара қызметінің ұшағын сапасыз жөндегені үшін Қазақстан Украинаға шағым жолдағалы отыр

  • AstanaTV
  • 14 мамыр 2014
  • 1130

Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің ұшағын сапасыз жөндегені үшін Қазақстан Украинаға шағым жолдағалы отыр.  Киев-Ақтау-Алматы бағытындағы әскери Ан-72 ұшағы Ақтау әуежайына кеше сағат 14:58-де төтенше жағдайда қонды. Кеме капитаны Украинаның Ростов аумағынан ұшақтың гидрожүйесіндегі ақау туралы хабар беріп, диспетчерден төмендеуге рұқсат сұраған. Сол биіктікпен Ақтауға жеткен әуе техникасының қозғалтқышынан кінәрат табылды.

Мирбек Құрманәлиев,   ҚР ҰҚК ШҚ авиациясы бас басқармасының басшысы:

Ақтау әуежайына жоспарлы қону кезінде экипаж ұшақтың гидрожүйесінде қысымның төмендегенін байқады. Қону штатты режимде орындалды. Кейін тексеріс барысында сол жақ қозғалтқыштан гидросұйықтық аққаны анық болды.

Ұшақ Киевтегі "Антонов" конструкторлық зауытында жөндеуден өткен.  Одан кейін әуе кемесі украин зауытының ұшқыштары мен қазақстандық шекара қызметі авиациясының мамандарымен алты сағаттық тесттік ұшудан өткен. Алайда ол кезде әуе кемесінен ешбір ақау табылмаған. Ұшақтың бұзылғаны туралы жөндеуші зауыттың кепілдік тобы хабардар етілді. Шекара қызметі әуе техникасын бір апта ішінде қатарға қосуды жоспарлап отыр.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ