Астанада ағаштар тоқыма жамылды. Елорда мектептерінің бірінде оқушылар «стрит-артты»
меңгеріп жатыр. Оған неміс мәдениетіне бойлап, шет тілін үйренуге қызығушылық
танытқан Германияның серіктес мектептері қатысуда.
Оқушылар ағаштарды тоқымалармен
безендіруге зор қызығушылықпен кіріскен. Бұл
іске тіпті, ер балалар да белсене қатысуда. Ағаштарға жаңа өң беру арқылы біз
адамдардың назарын қоршаған ортаны қорғауға аударамыз, - дейді шәкірттер.
Нұрбай Ақанов, №7 мектеп-гимназия оқушысы:
Мен мына гүлдерді тіктім, шарфты байладым, көмегімді тигіздім. бұл жоба
ағаштарды қорғау үшін, экологияға жәрдем тигізу үшін керек.
Жансая Молдабаева, №7 мектеп-гимназия оқушысы:
Алғаш рет жоба туралы естігенде қызығушылығымыз оянды. Сондықтан, үйден тоқымаларды
әкеп, ағаштарды безендірудеміз. Бұл экологияға да пайдалы.
Гёте институты «Мектеп: болашақ
серіктестері» жобасын дүние жүзі бойынша неміс тілін тереңдетіп оқытатын желі
құру мақсатында ұйымдастырған. Жобаға
Қазақстанның 16 мектебі қатысса, оның екеуі Елордамызда орналасқан.
Татьяна Фихтнер, Гёте институнының неміс тілін оқыту
бойынша сарапшысы:
Гёте институты бұл жобаны Қазақстанда осымен екінші жыл қатарынан өткізуде.
Бұған дейін Павлодарда өткен болатын.
Сондықтан, биыл Астанада жалғастырдық. Бұл жоба бізге де, балаларға да, мектепке
де керек деп ойлаймыз.
Базаргүл ОТЫНШИЕВА