Русский Сайттың толық нұсқасы

Оралда Кедендік одаққа мүше болғалы бері зауыт жұмысы жандана түсті

  • AstanaTV
  • 15 мамыр 2014
  • 878

Кедендік одақ оралдық кәсіпкерлер үшін оңтайлы болып отыр. Өйткені, Батыс Қазақстан облысы Ресейдің бес бірдей облысымен шекаралас.

Сондықтан, бірден бес көршісімен алыс-беріс орнатқан кәсіп иелері үшін кедендік рәсімдеулердің жеңілдетілуі іздегенге сұраған болыпты. Қазір екі жақты алыс-беріс көлемі артып, Қазақстанның Кедендік одақ елдерімен арадағы тауар айналымы 24,2 млрд АҚШ долларын құраған.

Осылайша, салааралық байланыс күшейген. Түрлі техникалардың моторының күрделі бөлшектерін жасап шығаруға маманданған Орал механикалық зауыты қазір өндіріс аясын кеңейтіп, автокөліктер мен автобустарға арналған иінді біліктің өндірісін жолға қойыпты. Өз өнімін шекара асырғанда кедендік одақтың өндірушілер үшін де тиімді болып отырғанын оралдық кәсіпкерлер қуана құптап отыр.

Анатолий
Смирнов, «Орал механикалық зауыты» ЖШС директорының бірінші орынбасары:

Экспортқа негізделген кәсіпорын болғасын, Кедендік одақтың жеңілдіктерін бірден сезіндік. Тек Ресей ғана емес, ТМД елдеріне де өз өнімімізді ұсынамыз. Былтыр Минск мотор зауытымен уағдаластыққа қол жеткіздік. Трактормен шектелмей, өзге де техникалардың қосалқы бөлшектерін жасауға кірістік. Кедендік одақ елдеріне жіберілетін тауарлар жалпы өнім көлемінің 80% құрап отыр. Қазір шекарадағы кедендік, басқа да бюрократиялық кедергілер жойылып, экспорт көлемі артты.

Еркін ҚАРИН