Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстан мен Ресей әуе кеңістігін қорғайтын жаңа әскери құрылым жасақталады

  • AstanaTV
  • 15 мамыр 2014
  • 1023

Қазақ мен Ресей әуе кеңістігін бірігіп қорғайтын жаңа әскери құрылым жасақталатын болды. Ол үш айдан кейін өз жұмысын бастайды. Бүгін Сенат депутаттары тиісті құжатты ратификациялады. Әуе шабуылына қарсы өңірлік жүйе қолбасшысын екі елдің президенті тағайындайды. Қорғаныс министрлігі ортақ жүйенің артықшылығы - әуе қауіпсіздігін қамтамыз ететін зымыран кешені Қазақстанға қайтарымсыз беріледі дейді. Бұл туралы Ресей Қорғаныс министрі Сергей Шойгудың елімізге сапары кезінде келісілген. 

Икрам Әдірбеков, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

Осы заңның орындалуы барысында ұлттық мүдделерге нұқсан келсе, келісімнен шығу жолы нақты қарастырылған. Осыны ескере келе, әріптестерімізді заң жобасын қолдауға шақырамын.

Қожахмет Баймаханов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

Әйтеуір арты жақсы болсын. Қанша дегенмен 160 миллион Ресей мен 16 миллион қазақ аспаны бір болғанда. Басқарып жүрген азаматтар енді мына Икрам Әдірбеков айтқандай, мен де соны қолдайтынымды білдіремін.

Сондай-ақ бүгін Сенатта қылмыстық жолмен алынған кірістерді және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заң жобасы бірден екі оқылымда мақұлданды. Бұдан былай банктерде аноноимді есеп-шоттар ашуға тиым салынды, яғни қаржы ұйымдары ірі соманың иесі туралы құпия мәліметті сақтамайды. Сондай-ақ, экономикаға қатысы жоқ көлемді ақша аударымдары қатаң бақылуға алынады.

Мұны іске асыратын банктен өзге бухалтерлік ұйымдар да қадағалауға алынады. Аталған өзгерістер заңсыз табылған табысты шет елге аударуға және терроризмді қаржыландыруға тосқауыл қоюды көздейді. 

Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ