Русский Сайттың толық нұсқасы

"Еркін экономикалық аймақтар" тағдыры жуырда белгілі болады

  • AstanaTV
  • 15 мамыр 2014
  • 2133

Елімізде жұмысы қаңтарлып тұрған "Еркін экономикалық аймақтар" тағдыры жуырда белгілі болады. Бұл туралы Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешов біздің арнаға берген сұхбатында мәлімдеді.

Қазір елімізде тоғыз аймақ құрылған. Кейбіреуінің құрылысы мүлдем басталмаған. Мәселен, Атырауда құрылысқа бөлінген қу даланы күзетуге ғана бес жыл қатарынан 60 миллион теңге бөлініп келген. Былтыр жыл соңында Президент осы "Еркін экономикалық аймақтарды" тексеріп, қажет болса қысқартуды тапсырған. 

Әсет Исекешов,  ҚР индустрия және жаңа технологиялар министрі:

Біз барлық Еркін экономикалық аймақтарды аралап сараптаудан өткіздік. Тиісті мамандармен кеңестік. Он жетінші мамырда Орталық коммуникациялар қызметінде Еркін экономикалық аймақтардың бұдан былайғы тағдыры туралы толық баяндаймыз.

Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ