Русский Сайттың толық нұсқасы

Бүгін түнде ұшырылған «Протон» зымыран тасығышы апатқа ұшырады

  • AstanaTV
  • 16 мамыр 2014
  • 1300

«Протон» зымыран-тасығышы тағы да апатқа ұшырады. «Алайда алдын ала болжам бойынша ол Тынық мұхиты акваториясына немесе Алтай өңірінде құлады», - дейді мамандар.

Айта кетейік, «Экспресс-АМ4Р» байланыс спутнигін ғарышқа жеткізбек болған зымыран, «Байқоңыр» ғарыш айлағынан жұмаға қараған түні, сағат 3:42-лер шамасында ұшырылған болатын.

«Роскосмостың» мәліметінше, апат 540-шы секундта ұшудың үшінші сатысы өтіп жатқанда болған. «Улы гептил атмосфераның жоғарғы қабаттарында өртеніп кеткен», - дейді ресейліктер.

Бұған қоса, роскосмостықтар ракетаның есептелмеген орбитада қалықтап жүруі мүмкін екендігін де жоққа шығармайды. Қазір «Байқоңырдан» «Протонды» ұшыру әзірге тоқтатылды. Жоспардағы 15 шілдедегі ұшрылым да кейінге шегерілді.

Жұрағат БАМАН