«Протон» зымыран-тасығышы тағы да апатқа ұшырады. «Алайда алдын ала болжам бойынша ол Тынық мұхиты
акваториясына немесе Алтай өңірінде құлады», -
дейді мамандар.
Айта кетейік, «Экспресс-АМ4Р» байланыс
спутнигін ғарышқа жеткізбек болған зымыран, «Байқоңыр» ғарыш айлағынан жұмаға
қараған түні, сағат 3:42-лер шамасында ұшырылған болатын.
«Роскосмостың» мәліметінше, апат
540-шы секундта ұшудың үшінші сатысы өтіп жатқанда болған. «Улы гептил атмосфераның жоғарғы қабаттарында өртеніп кеткен», - дейді ресейліктер.
Бұған қоса, роскосмостықтар ракетаның
есептелмеген орбитада қалықтап жүруі мүмкін екендігін де жоққа шығармайды. Қазір «Байқоңырдан» «Протонды»
ұшыру әзірге тоқтатылды. Жоспардағы 15 шілдедегі ұшрылым да кейінге шегерілді.
Жұрағат БАМАН