Русский Сайттың толық нұсқасы

«Самұрық-Қазына» компаниясы еңбек әулеттері күнін атап өтті

  • AstanaTV
  • 15 мамыр 2014
  • 1154

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл ауқат қорының компаниялар тобы еңбек әулеттері күнін атап өтті. Ата кәсібін жалғастырушы отбасыларды ұлықтап, құрмет көрсетті. Игі дәстүр өткен жылдан бастап аталып келеді. Бұл күн де тегін таңдалған жоқ. 15 мамырды Біріккен ұлттар ұйымының бас ассамблеясы Халықаралық отбасы күні деп жариялағаны белгілі. Мерекелік дастарханға қордың ірі деген тоғыз компаниясының жұмыскерлері жиналды тайлы-тұяғымен.

Ұйымдастырушылар осындай жиындар ұжымдық рухты көтеріп, өз ісіне деген адалдықты нығайта түседі дегенді айтады. Мұхаметқалы Мұсабаев Семейден ат артып келген. Ата кәсібі - теміржолшы. Оның әкесі саналы ғұмырын темір жолға сарп еткен. Ал бүгінде осы салада балалары мен немерелері тер төгіп жүр. Отбасының темір жолдағы жалпы еңбек өтілі - 494 жыл.

Мұхаметқалы Мұсабаев, «ҚТЖ» ҰК» АҚ Семей жолы қауіпсіздік бөлімінің бастығы:

Әкемізден 7 бала тарайды. Бес ұл, екі қыз. Міне қазір төртінші буын жұмыс істеп жатыр шөберелері. Әлі де жұмыс жасап жалғастырып жатырмыз. "Самұрық-Қазына" компаниясына, темір жол компаниясына алғысымыз шексіз.

Нұрлан Ерімбетов, «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры әлеуметтік әріптестік орталығының бас директоры:

Көбісінде жалпы еңбек сатаждары 200-300 бізде теміржолшылар бар, 700 жыл жалпы еңбек стаждары. Қазір немерелері, шөберелері жұмыс жасап жүр. Сондықтан бұл жақсы дәстүр. 

Айгүл ӘДЕПБАЙ