Әуеде жоғалған ресейлік «Экспресс-АМ4Р»
аппаратының құны 200 млн еуродан асады. Бұл спутник, «Интерфакс»-тың
хабарлауынша, ең мықты байланыс спутниктері класына жатады.
Аппарат «Космическая связь» мемлекеттік
кәсіпорнының тапсырысы бойынша әзірленген. Сондықтан, сақтандырылуы тиіс.
Еске салайық, бүгін түнде Байқоңырдан
ұшырылған «Протон-М» зымыран-тасығышы тағы да апатқа ұшырады. Алдын ала
ақпаратқа сүйенсек, айдаушы блогы бар ғарыштық аппарат зымыранның үшінші
сатысынан ажырап үлгермеген. Бір деректе зымыран-тасығыш Алтай аумағына құлады
деп хабарланса, басқа ақпарат бойынша - Тынық мұхиттың ресейлік жағалауына
құлаған.
Айта кетейік, «Экспресс-АМ4Р» спутнигін
жасау туралы келісім-шартқа 2011 жылы желтоқсанда қол қойылған. Оны
еуропалық EADS Astrium компаниясы шығарған.