Русский Сайттың толық нұсқасы

Грузияның ұлттық туризм әкімшілігі Қазақстан СІМ-ң нотасына жауап берді

  • AstanaTV
  • 16 мамыр 2014
  • 1161

Қазақстан азаматтары Грузияға еш кедергісіз сапар шеге алады. Бұл туралы Грузияның ұлттық туризм әкімшілігі мәлімдеді.

Айта кетейік, бұдан бұрын Қазақстанның бірнеше азаматы Тбилисиге сапар шегіп, грузиялық әуежайдан елге кері қайтарылған болатын. Орын алған жағдайға байланысты түсініктеме іздеп, азаматтар отандық Сыртқы істер министрлігіне шағымданған-ды. Осы ретте грузиялық туризм әкімшілігі: «Құжаттары дұрыс азаматтардың елге кіруіне еш кедергі жоқ», - деп жауап қатқан.

Жалпы, статистикаға жүгінсек, Грузияға сапар шегуші қазақстандықтардың қатары артқан. Деректер бойынша, ағымдағы жылдың 4 айы ішінде, осы елге барушы туристтердің саны 215-дан асқан.

Жұрағат БАМАН