Шахтадағы апаттан кейін 18 адам
қамауға алынды. Түркияның батысында шахтада
болған апат бойынша істі тергеп жатқан полиция кен компания басшыларын жаппай
қамауға алып жатыр. Бұл туралы түркиялық БАҚ өкілдері хабарлады.
Қазір мұнда құтқару шаралары аяқталды.
Соңғы деректерге қарағанда апат салдарынан
қаза тапқандары саны 301 адамға жеткен. Бұл Түркия тарихындағы ең ірі апат.
Естеріңізге сала кетейік, Ыстамбұлдан
200 шақырым қашықтағы Сома елді мекеніндегі көмір шахтасында газ қоспасы
жарылды.
Алдын ала мәліметтерге сәйкес, шамамен
2 шақырымдық тереңдікте электр сымының қысқа тұйықталуы салдарынан дұрыс жұмыс
істемей тұрған трансформатор жарылған. Дәл осы
кезде жер астында 787 адам болған. Бұл оқиғадан соң елдің бірнеше аймақтарында
жаппай ереуіл басталды. Өйткені билік шахталардағы қауіпсіздік жұмысына
бейжайлықпен қарады, дейді наразылық шарасын ұйымдастырушылар.
Илхам ИБРАГИМ