Ғимараттардағы төбе жабындыларының
беріктігін күшейту қажет. Бұл туралы
Мәжілістегі Үкімет сағатында Төтенше жағдайлар министрі
Владимир Божко мәлімдеді.
«Бас құтқарушы» соңғы уақытта қатты
желден ғимарат шатырларының ұшуы жиілеп кеткеніне тоқталды. 2013 жылы күшті жел
мен дауылға байланысты 35 төтенше жағдай орын алған. Салдарынан 10 адам жараланды. 1338 ғимараттың шатыры
қирады. Оларды қалпына келтіруге республикалық бюджеттен 3 млрд. теңге
бөлінген.
«Бұл фактілер төбе жабындыларының
беріктігіне барынша күш салуды талап етеді», - дейді министр.
Айта өтейік, кешегі аптада ғана
Шымкентте қатты дауыл тұрып шатырларды ұшырып әкетті. Ағаштар құлап, материалдық қана емес, адам шығыны да орын
алған болатын. Қатты дауылда түбірімен жұлынған ағаш зообақ қызметкеріне құлап,
әйел сол жерде жан тапсырды. Қаладағы қызметтер күшейтілген режимге көшіп білім
ордалары мен бала бақшалар жұмысы тоқтатылды.
Мөлдір ДҮЙСЕКИНА