«Ертіс» футбол клубы басшыларының
өміріне қастандық әдейі жасалған болып шықты. Бұл туралы Павлодар облысының
ІІД-нің өкілдері мәлімдеді.
Енді қылмыстық іс «Бұзақылық» бабынан
ауыр жазаға өзгертіледі. Полиция қызметкерлерінің нұсқасы бойынша, «Ертіс» клубының
басшыларына қастандық байқаусызда емес, әдейі жасалған. Қаскөйлердің қолынан зардап шеккен клубтың спорттық
директорының жағдайы ауырлаған. Ол комада жатыр, деп
жазады ақпарат құралдары.
Бұған дейінгі жаңалықтарымызда клуб
басшыларын белгісіз екі адам соққыға жыққанын айтқанбыз. Оқиға «Ертіс» - «Спартак»
кездесуінен кейін болған. Бұл ойында «Ертіс» футболшылары қарсыласын 5:0
есебімен жеңген еді.