Русский Сайттың толық нұсқасы

Атырауда дауылдан келген шығын орасан

  • AstanaTV
  • 21 мамыр 2014
  • 1461

Атырау билігі дауылдан келген шығынды есептеп үлгермей жатыр. Дүлей дауыл облыстағы бір ауылдың төрт бірдей әлеуметтік нысанын шатырсыз қалдырды. Құрманғазы ауданына қарасты Сүйіндік ауылында балабақша, орта мектеп, аурухана мен мәдениет үйлерінің шатыр жабындысына залал келді.

Қатты желдің салдарынан жалпы көлемі 1500 шаршы метр болатын шатыр ұшып кеткен. Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ. Қазір шығын көлемі есептеліп, қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Барлық мемлекеттік мекемелерде жұмыс тоқтаусыз жалғасуда, - дейді мамандар. Айта кетейік, тұрғындар жел жылдамдығы туралы ескерту алмадық деп отыр.

Берік Құрманәлиев, Атырау облыстық ТЖД бас маманы:

Қазіргі уақытта жергілікті атқарушы органдармен арнайы комиссия құрылып, аталған ғимаратттардың шығын мөлшерін есептеуде. Сонымен қатар, қазір аталған нысандар бойынша тез арада қалыпқа келтіру жұмыстары жүргізілуде. Оқиға салдарынан зардап шеккендер, жарақат алғандар жоқ.