Русский Сайттың толық нұсқасы

«Мүлікті жария ету» бойынша заң жобасы Парламентке ұсынылды

  • AstanaTV
  • 21 мамыр 2014
  • 772

«Мүлікті жария ету» бойынша заң жобасы Парламентке ұсынылды. Бұл жоба қолдау тауып, қабылданған жағдайда, экономика 10-12 миллиард долларға толығады деп күтілуде. Ел тарихында мұндай шара үшінші рет өткізілейін деп отыр. Мәжіліс жобаны қызу талқыға салды.

Осы тұста 2006 жылы өткен заңдастыруда күтілген табыстың мемлекет қазынасына түспегені де айтылмай қалмады. Жобаны таныстырған қаржы вице-министрі Ардақ Теңгебаев бұл жолы ондай олқылық болмайды деп сендірді. Рақымшылық тізімінде ақша, бағалы қағаздар, баспана, жер телімдері және шет елдегі жылжымайтын мүлік те бар. Депутаттар соңғысы заңдастырылған күнде екі жаққа да тиімсіз боларын алға тартты. 

Министрлік ақшаны заңдастырудың 3 тетігін ұсынып отыр. Шет елде қаражаты барлар екінші деңгейлі банктерде есеп-шот ашып ақшаны қолға алмай-ақ одан депозиттік табыс көре алады. Екінші жолы - халықтық IPO бағдарламасы бойынша ұлттық компаниялардың акцияларын иемденуге мүмкіндігі бар. Ал қаражатты қолға алам деушілерден банк 10 пайыздық алым алады. Десек те, заңдастырылатын мүліктің арасында рақымшылыққа жатпайтын табыс та бар. 

Ардақ Теңгебаев, ҚР қаржы вице-министрі:

Табысын жасырып немесе салықтан жалтарып пайда тапқан азаматтарға рақымшылық қарастырылады. Заңда солай жазылған. Бұл азаматтар жауапкершілікке тартылмайды. Тіпті бұрын қозғалған қылмыстық істер тоқтатылады. Ал жемқорлық арқылы келген табысқа келсек, бұл мәселеде заң қатаң. Ондай мүлік заңдастырылмайды.

Омархан Өксікбаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, "Нұр Отан" фракциясының мүшесі:

Заң жобасы біздің Парламентте концептуалды түсінік бар, депутаттар оның қажет екенін түсініп отыр. Ал кейбір дүниелерінің барлығы пысықталатын шығар. Бізде тазалай заң үкіметтің әкелген өтіп көрген жоқ.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ