Өркениеттен қалып қойған көше. Оңтүстік Қазақстан облысындағы Теректі ауылында қырық
отбасы электр қуатынан тапшылық көріп келеді. Электр тарату желісінің бағаналары
өткен ғасырдың алпысыншы жылдары орнатылған. Әбден көнерген желілер қайта қайта
үзілетіндіктен, тұрғындар күнара жарықсыз қаламыз, дейді.
Жүніс Болысбаев, Теректі ауылының тұрғыны:
Әр жерге проводтар іліп, әйтеуір
столба құласа, оның орнына терек қоя саламыз. Ешкім
жауап беріп жатқан жоқ. Мысалы, біреу токқа түсіп
қалса, кім жауап береді оған? Өзім
сатымен шығып, столбаны жалғадым. Баламды трансформатор басына қойып
қойдым. Біреу өшіріп кетпесін деп. Ол бала ойнап кетіп мен токқа түсіп қалсам
кім жауап береді?
Ауылдағы бағаналар өткен жылы жаңартылған. Бірақ неге екені
белгісіз, бүтін бір көше бұған ілінбей қалып қояды. Ал, тоқырау заманынан
қалған трансформатордың да жағдайы мәз емес. Ауыл азаматтары оны өз күштерімен
жамап-жасқап отыр. Сымдары да жиі тұйықталады. Жарықтың ақысын кешіктірмей
төлейтін теректіліктер қуат таратқыш қондырғы есепте жоқ дейді. Ал жарыққа
жауапты компания тек 2017 жылдан кейін ғана мәселе толық шешіледі дейді.
Өйткені ауылдағы электр желілерін жөндеу мәселесі алдағы екі жылдың жоспарына
енбеген.
Мұқан Айнақожа, «Оңтүстік жарық транзит» ЖШС Бәйдібек аудандық
филиалының бас энергетигі:
Халықтың өтініші бойынша қосымша
зерттеулер жүргізіп, қазір қосымша қаржы бөлінсе, демонтаж жасайтын ішінде
жарайтын бағаналары болады ішінде. Соны ауыстыру мүмкіндіктерін қарастырып
жатырмыз.
Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ