Ресей газы Қытайға шығыс арқылы
жеткізілетін болды. Аспан асты елінде өткен Саммитте «Газпром» мен Қытайдың
CNPC ұлттық мұнай-газ корпорациясы өзара келісім-шартқа қол қойды. Оған сәйкес
Ресей жылына 38 млрд текше метр газды 30 жыл бойы Қытай еліне жөнелтіп отырмақ.
«Газпром» басшысы Алексей Миллердің
айтуынша, келісім-шарт құны 400 млрд АҚШ долларын құрайды. Сарапшылар бұл құжат
Ресей мен Қытай арасындағы «ғасыр келісім-шарты» деп бағалауда.
Илхам ИБРАГИМ