Русский Сайттың толық нұсқасы

Мысыр президенті сотталды

  • AstanaTV
  • 22 мамыр 2014
  • 848

Мысыр соты елдің экс-президенті Хосни Мүбаракты 3 жылға қамау туралы үкім кесті. Бұрынғы президент бюджет қаражатын оңды-солды жұмсап, тіпті өзі иемденіп алған. Сондай-ақ, оның екі ұлы Гамал мен Алааның да жемқорлық әрекеттерге қатысы бар болып шықты.

Сот олардың әрқайсысын төрт жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды. Олар бас-аяғы 125 миллион египеттік фунтты меншіктеп алған. Бұл шамамен 18 миллион доллар. Бұл қаражат мемлекет басшысының сарайын жөндеуге қазынадан бөлінген.

Алайда, ақша мемлекет басшысының резиденциясын жөндеу үшін емес, экс-президенттің отбасы мүшелерінің жеке-жайлары мен кеңселерінің құрылысына және дизайнына жұмсалған.

Илхам ИБРАГИМ