Русский Сайттың толық нұсқасы

Өскеменде жүздеген саяхатшы сапарларына аттана алмай отыр

  • AstanaTV
  • 22 мамыр 2014
  • 1035

Өскеменнен Анталияға ұшуы тиіс туристер бүгін де демалуға аттана алмады. Таңғы сағат 4-те оларды Түркияға жеткізеді деп уәде етілген чартерлік рейс тағы да келмеді.

Туристтер Анталиядағы бас-аяғы 10 күндік демалыстарының 3 күнін әуежайда өткізді. Екі жолаушы, тіпті, демалыс билеттерін турагенттігіне қайтарып берді. Фирма өкілдері туристтерді енді бүгін сағат 18:45-те ұшасыңдар деп сендіріп отыр.

Ирина
Самойлова, «Gulnar tour» компаниясының заңгері:

Бүгін 16
:45-те SCAT авиакомпаниясының ұшағымен ұшасыздар. Олармен келісім-шартқа отырдық. Ұшақ Өскеменге келуге дайындалып жатыр. Кеше біз үміт артқан «Атлас джет» компаниясы мен «Джет Эйрлайнс» компанияларына рұқсат берілмегендіктен олар тасымалдай алмады. Енді SCAT әуе компаниясының қызметіне жүгіндік.

Туристтердің әуежайда өткен күндерін турагенттік созып бере ме, ол жағы әлі белгісіз. Демалушылар болса, өз құқықтарын заң арқылы қорғайтынын айтуда.

Қанат ОРАЛБЕК