Русский Сайттың толық нұсқасы

Бауыржан Байбек Ливандағы «Әл-Мұстақбал» партиясының жетекшісі Фуад Синиорамен кездесті

  • AstanaTV
  • 22 мамыр 2014
  • 1026

«Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Ливандағы «Әл-Мұстақбал» партиясы парламенттік тобының жетекшісі Ливанның бұрынғы премьер-министрі Фуад Синиорамен кездесті. Ливан делегациясы осы күндері өтіп жатқан VII Астана экономикалық форумына қатысуға келген. Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Ливан қарым-қатынастарының даму динамикасын сөз етіп, партияаралық диалогты жолға қою қажеттігін атап өтті.

Бауыржан Байбек либералдық құндылықтарды ұстанатын «Әл-Мұстақбал» партиясымен байланыс орнату өте маңызды екенін атап өтті. "Нұр Отан" партиясы әлемдегі өзге де жетекші партиялармен тығыз жұмыс жасауда. Күні кеше «Христиан-Демократиялық Одағы» өкілдерімен, Конрад Адэнауэр атындағы қордың өкілдерімен кездесті. Сондай-ақ Еуропа халықтық партиясымен,  «Сэннури», «Единая Россия»-мен байланыс орнатқан. 

Бауыржан Байбек, "Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары:

Сіз біздің елге бірінші рет келіп отырған жоқсыз. Бұған дейін бүкіләлемдік Ислам экономикалық форумына қатысқансыз. Еліміздің қалай өзгеріп дамып жатқаны көз алдыңызда. Бұл Президентіміз ұстанған саяси бағыттың арқасында іске асып отыр. Ол бірінші кезекте ішкі татулық.

Фуад Синиора, "Әл-Мұстақбал" партиясы парламенттік тобының жетекшісі, Ливан:

Сіздердің елдеріңізде Президенттеріңіздің саясаты арқасында бейбітшілік, тыныштық пен келісім орнаған. Ливан мен Қазақстанның көзқарасы ұқсас. Біздердің тәуелсіздік, отбасы, салт-дәстүр, елдің еркіндігі мен бірлігін сақтау секілді ұқсас құндылықтарымыз көп. Бұған дейін экономикалық және саяси ынтымақтастық орнаттық, енді өзге салаларда қарым-қатынасты дамытуымыз керек.

Мөлдір БАҚЫТ-ҚЫЗЫ