Қарағандыда азық-түлік пен жеміс-жидектің сапасын тексеру шарасы тегін
жүргізілуде. Тұтынушылар құқығын қорғау департаментінің мамандары ірі сауда
орындары мен орталық базарда санитарлық нормалардың сақталуын қатаң бақылауға
алды. Алдымен жеміс-жидек, ет, сүт өнімдеріндегі нитрат мөлшерін анықтауға
кірісті. Тұтынушылар азық-түліктің жарамдылығына көз жеткізуде. Олар әсіресе оңтүстіктен әкелінген өнімнің сапасына күмәнмен қарайды. Жаз шықпай жатып
піскен жеміс-жидектерден кінарат та табылды. Жүзім мен мандаринде нитрат
мөлшері қалыпты шамадан асып кеткен. Акция тағы екі күнге созылмақ.
Ботагөз Әбілдаева, тұтынушылар құқығын қорғау департаментінің бөлім
жетекшісі:
Жаз басталғаннан бастап, Оңтүстік Қазақстаннан және Өзбекстаннан түрлі
жеміс-жидектердің келіп, сауда орындарына көп әкелінуіне байланысты. Маусымына
байланысты осындай акциялар өтіп жатады. Сондықтан да, өздеріңіз білесіздер, жаз
түскенде, жеміс-жидектен улану да көбейетінін. Сол себептен де міне осында
акциялар жүргізіліп отыр.
Бүгін "Шығыс" базарында тегін акция жүріп жатыр. Алған заттарымыз
барлығы нормада.
Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА