Русский Сайттың толық нұсқасы

Қарағандыда азық-түлік пен жеміс-жидектің сапасын тексеру шарасы жүргізілуде

  • AstanaTV
  • 22 мамыр 2014
  • 1305

Қарағандыда азық-түлік пен жеміс-жидектің сапасын тексеру шарасы тегін жүргізілуде. Тұтынушылар құқығын қорғау департаментінің мамандары ірі сауда орындары мен орталық базарда санитарлық нормалардың сақталуын қатаң бақылауға алды. Алдымен жеміс-жидек, ет, сүт өнімдеріндегі нитрат мөлшерін анықтауға кірісті. Тұтынушылар азық-түліктің жарамдылығына көз жеткізуде. Олар әсіресе оңтүстіктен әкелінген өнімнің сапасына күмәнмен қарайды. Жаз шықпай жатып піскен жеміс-жидектерден кінарат та табылды. Жүзім мен мандаринде нитрат мөлшері қалыпты шамадан асып кеткен. Акция тағы екі күнге созылмақ. 

Ботагөз Әбілдаева, тұтынушылар құқығын қорғау департаментінің бөлім жетекшісі:

Жаз басталғаннан бастап, Оңтүстік Қазақстаннан және Өзбекстаннан түрлі жеміс-жидектердің келіп, сауда орындарына көп әкелінуіне байланысты. Маусымына байланысты осындай акциялар өтіп жатады. Сондықтан да, өздеріңіз білесіздер, жаз түскенде, жеміс-жидектен улану да көбейетінін. Сол себептен де міне осында акциялар жүргізіліп отыр.

Бүгін "Шығыс" базарында тегін акция жүріп жатыр. Алған заттарымыз барлығы нормада.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА