Русский Сайттың толық нұсқасы

«Астана» велокомандасы «Джиро де Италия» марафонының бас жүлдесінен дәмелі

  • AstanaTV
  • 22 мамыр 2014
  • 943

«Астана» велокомандасы «Джиро де Италия» марафонының бас жүлдесінен әлі де дәмелі. Микеле Скарпонидің біраз уақыт жоғалтқанына қарамастан Фабио Ару үздіктер қатарында. Бүгін өтетін жекелей жарыста Ару алғашқы үштіктен көрінсе, онда жалпы есепте біраз сатыға көтеріледі. 

Төрткүл дүние көзтіккен «Джиро де Италия» веломарафоны жалғасуда. Колеккио және Савона қалаларының арасында өткен 11-кезеңде Австралия спортшысы Майкл Роджерс жеңіске жетті. 249 шақырымнан тұратын жарыс жолын «Тинькофф Саксо» клубының өкілі 5 сағат 48 минут 7 секундта бағындырды. Жеңімпаздан 10 секундқа қалып келген «Шимано» клубының спортшысы Симон Гешке екінші орынды иеленсе, үшінші сатыны «Бардиани» командасының өкілі Знрико Батталин еншіледі. «Астана» клубының спортшылары жарысты пелатонның ішінде аяқтады. Жалпы есепте өзгеріс жоқ. 11-кезеңнен кейін «БМС» командасының капитаны австралиялық Кадел Эванс жарыс лидерінің қызғылт жейдесін сақтап қалды. Одан 57 секундқа қалып тұрған колумбиялық Ригоберто Уран екінші сатыда қалса, үшінші орын «Тинокофф Саксо» клубының өкілі Рафал Майканың үлесінде. «Астана» командасының спортшысы Фабио Ару жалпы есептегі 6-орнын сақтап қалды. Ол көшбасшыға 1 минут 39 секунд ұтылып келеді.



26 шілде күні АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында кәсіпқой бокс кеші өтеді. Басты жекпе-жекте орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин рингке шығады. Отандасымыздың қарсыласы Австралия спортшысы Дэниэл Гил. Қазіргі уақытта келіссөздер аяқталуға жақын. Егер барлығы ойдағыдай өтсе, екі спортшы өзара мықтыны анықтайды. Бұдан бұрын Головкиннің қарсыласы Хулио Сесар Чавес болған. Бірақ мексикалық өзінің промоутрлік компаниясымен келіссөзге келе алмағандықтан, Головкин Чавес кездесуі өтпейтін болды. Жуырда бүкіләлемдік бокс қауымдастығының басшылары Головкинді Австралия спортшысы Джарод Флетчермен жекпе-жек өткізуге мінденттеген. Дегенмен, қарағандылық спортшының промоутрлері қауымдастық басшыларын бұл кездесуді шегере тұруға ұсыныс жасады.

Самат ҚАНАҒАТОВ