Русский Сайттың толық нұсқасы

Ресейге сапарлаған іздеу отряды қазақстандық үш сарбаздың қаңқасын тапты

  • AstanaTV
  • 23 мамыр 2014
  • 1935

Ақтөбелік іздеушілер Ұлы отан соғысында қаза тапқан 3 қазақстандық жауынгердің мәйітін тапты. Ресейдің Новгород облысында жүргізілген іздеу жұмыстарына жергілікті 26 аймақтан, сондай-ақ еліміздің Солтүстік Қазақстан және Ақтөбе облыстарынан 30 шақты іздестіру тобы қатысқан.

Шайқас болған орындардан 500-ге жуық жерленбеген солдаттың сүйегі табылды. Бірнеше жауынгердің төс белгілері анықталды. Соның көмегімен қаза болған 24 жауынгердің аты-жөнін анықтаудың сәті түскен. Енді мамандар қалғандарының кім екенін анықтауға кіріседі.

Ал, әзірге ақтөбелік іздеушілер белгілі болған соғыс құрбандарының жақындары болса, хабарласуын өтінуде. Туыстары табылған жағдайда қаза болған отандастарымыздың сүйегі туған жердің топырағына табыс етіледі.

Гумер Галеев, «Боевое братство» қоғамдық бірлестігі Ақтөбе облыстық филиалының жетекшісі:

Усинтаев Мих Ахветович 1920 жылы туған, Хамидуллин Ириатулла Заринович 1923 жылғы. Екеуі де Кызылорда облысының тумасы. Және Асылов Айшамбек, Акмола облысынан. Осы Ұлы
отан соғысы батырларының ұрпақтары болса, хабарласуын өтінеміз.

Осы материал эфирге дайындап жатқанда редакциямызға 3 жауынгердің бірінің жиен немересі хабарласты. Мереке Жакина есімді азаматша анасының әкесін өмір бойы іздегенін айтады. Айшамбек Асылов 1942 жылы Ақмола облысынан майданға аттанған. Кейін аяғынан жарақат алып, 43-те елге оралыпты. Емделіп болған соң араға көп уақыт салмай қанды майданға қайта кетеді. Одан кейін ешбір хабар болмаған.

Мереке
Жакина, Айшамбек Асыловтың немересі:

Ол бір Алланың сыйы ғой былай қарасаңыз. Случайно дегендей қостық, фамилиясы аты аталғанда сирек келетін ат қой Айшамбек деген, Асылов тем более Ақмола облысынан сразу мен мамкаға айттым - мынау сіздің әкеңіз ғой деп, сонда ол кісі қобалжып, не жыларын, не күлерін білмеді.

Әкесі майданға кеткенде Мерекенің анасы Мәриям Айшанбекқызы, 4 жаста болған. Қазір жасы 76-да, Қарағанды облысында тұрып жатыр. Бой жеткен соң әкесін іздепті. Қазақстан бойынша ешбір мұрағатта Айшамбек Асылов жайында ақпарат қалмаған. Жағымды жаңалық Ресейдің Новгород облысынан жетті. Енді батырдың туыстары Ресейге барудың жолдарын қарастырып жатыр.

Мереке
Жакина, Айшамбек Асыловтың немересі:

Көмек болса үкіметтен, акиматтан. Потому что мамканың арманы ғой - әкесінің сүйегін еліне қазақ жеріне әкелгені, әр адамның балалық парызы ма, құран оқытып
.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ