Русский Сайттың толық нұсқасы

Өскеменде көкек әкелерден алимент өндіру белсенді жүруде

  • AstanaTV
  • 23 мамыр 2014
  • 1397

Шығыс қазақстандық прокурорлар көкек әкелерден алимент өндірудің жаңа тәсіліне көшті. «Таяқ еттен, сөз сүйектен өтеді» дегендей олар енді құдіретті өлеңнің көмегіне жүгінбек. Атына қандай да бір дүние-мүлік тіркелмеген әкеден баласының пайдасына қаржы өндіру заң бойынша мүмкін емес. Сондықтан, прокурорлар дауды тоқтатуда сөзді пайдаланбақ. Олар тілдің құдіретімен кез келген шиеленісті шешкен ата-баба үрдісін қолданып көруді бастады. Ол үшін әр прокурор мақал-мәтел мен аталы сөздерді жаттауда.

Жандос
Қоңыров, Өскемен қаласы прокурорының көмекшісі:

Бір күн бар, мұңайтар күн, қуантар күн. Мейлі, ол шаңырақ сәтті болсын, сәтсіз болсын, «Әке» деген сезімді ұмытар кім, - дегендей балаларыңыздың Сізге, әкесіне деген сәбилік сезімін жоғалтуға себепкер болмағаныңыз жөн. Атам қазақ айтқандай «Ата-сая болар бағың, әке - асқар тауың ғой»
.

Мұндай әрекеттің нәтижесі де жоқ емес. Қызыл тілдің құдіретінің арқасында өз қателігін түсініп, балаларының алдындағы әкелік борышын өтеуге келісіп жатқан азаматтар да бар.

- Сөз тапқанға қолқа жоқ. Сіздің айтқан сөздеріңіздің жаны бар екен. Сөздеріңіз жүрегіме тиді. Бұған дейін неліктен өзім осыны ойламағам. Балаларым елімнің ертеңі, болашағым емес пе? Мен бұған дейін елімнің, балаларымның алдында жасаған қателіктерімді түзетуге бел будым.
- Дұрыс Серік Мырзахметович. «Адасқанның алды жөн, арты соқпақ». Сәттілік тілеймін.


Қанат ОРАЛБЕК