Русский Сайттың толық нұсқасы

Петропавлда жемқорлыққа жол берген шенеунік құрықталды

  • AstanaTV
  • 23 мамыр 2014
  • 1554

Петропавлда жемқорлыққа жол берген құрылыс басқармасы басшысының міндетін атқарушы құрықталды. Қаржы полицейлері күдіктіні 10 мың АҚШ доллары көлемінде пара алып жатқанда ұстаған. Құзырлы органның дерегіне сенсек, шенеунік заңсыз жолмен жеке кәсіпкерге көмектеспек болады.

Күдікті Құрылыс басқармасы басшысының міндетін атқарушы ретінде 2013 жылдан бастап жұмыс істеген.

Айта кету керек, қаржы полицейлері бюджет қаржысын ысырап қылғаны және қызмет бабын асыра пайдаланғаны үшін облыстық әкімдіктің тағы бірқатар лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық іс қозғады.

Абзал ҚҰРМАНКИН