Русский Сайттың толық нұсқасы

Украинаның президент сайлауында Петр Порошенко алда келеді

  • AstanaTV
  • 26 мамыр 2014
  • 1568

Украина президенті сайлауында жеңістен үміткер Петр Порошенко Ресейдің көмегінсіз өңірде тұрақтылық орнату мүмкін емес деп санайды. Үміткер болашақта Ресей президентімен міндетті түрде кездесетінін айтты. Сонымен қатар, ол «елдің сыртқы саясатының бағытын айқындау украин халқының құзырында» дейді.

Әзірге сайлау орталығы дауыстардың тек 9%-на жуығын санап үлгерді. Орталықтың берген қорытындысы алдын ала болжамға сай келіп отыр. Кәсіпкер Порошенко 55% дауыспен көш бастады. «Батькивщина» партиясының көшбасшысы Юлия Тимошенко 12%-бен екінші орында. Үштікті халық депутаты, «Украина радикалды партиясының» басшысы Олег Ляшко қорытындылайды. Оның үлесінде сайлаушылардың 8,1% дауысы бар. Сайлау науқанын қорытындылай келе, Порошенко өз жеңісіне еш күмәні жоқ екендігін жеткізді. Оның сөзінше екінші сайлаудың екінші турын өткізуге ешқандай негіз жоқ. Еске салайық, Украина президентін сайлау жексенбіде өтті.

Петр Порошенко, Украинаның сайланған президенті:

Украинаның кінәсынан туындаған екі ел арасындағы келіспеушілікке қарамастан, бізде түйткілді мәселелерді шешудің жолдары жетерлік. Ресей біздің көршіміз, олардың қатысуынсыз Украинаның қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүмкін емес.

Самат ҚАНАҒАТОВ