Таразда жемқорлыққа қарсы флеш-моб
өтті. Оған қаладағы жоғары және орта оқу орындарының мыңдаған студенті қатысты.
Жастар қаладағы «Химиктер» мәдениет үйінің алдына жиналып, би биледі,
парақорлыққа қарсы тұрарлық қайратын көрсетті.
Думанды шара қаржы полициясының
құрылғанына 20 жыл толуына орайластырылған. Акцияға
Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі мен «Жас Отан» жастар қанатының
белсенділері де ат салысты. Аймақта парақорлықты ауыздықтауға арналған ауқымды
шаралар кідірусіз жүргізіліп келеді. Мәселен, былтыр Жамбыл облыстық қаржы
полициясы жемқорлық сипатында 165 қылмыстық іс қозғаған. Ал, осы ағымдағы
жылдың соңғы 4 айында 78 қылмыстық іс қаралды.
Мақсұт Нәлібаев, Жамбыл облысы бойынша ЭСЖҚКД бастығы:
Жастар жемқорлыққа
қарсы. Және де олардың жас кезінен бастап жемқорлыққа төзімсіздігін ояту.
Өйткені, еліміздің келешегі осы жастарда. Жастардың бойындағы патриоттық
сезімді ояту.
Данияр ӘЛІМҚҰЛОВ