Русский Сайттың толық нұсқасы

Еуразиялық одақ: тиімділік пен перспектива

  • AstanaTV
  • 26 мамыр 2014
  • 1205

Кедендік одақ құрылғалы Қазақстанның Ресей және Беларусь мемлекеттерімен арадағы тауар айналымы 29% артып, 2013 жылы 24 миллиард доллардан асты. Тауар айналымы жүйесінде импорт көрсеткіші 18,5 миллиард долларды құрап отыр.

Отандық кәсіпкерлер Еуразиялық экономикалық одақ өсу қарқынын мұнан да жақсарта түседі деген сенімде. "Жаңа нарықтарға жол ашатын ықпалдастық дамудың негізгі қозғалтқышы саналатын техникалық реттеу саласына тың серпін береді",- дейді сарапшылар.

Қайрат Баймұхамбетов, ҚР ИЖТМ Техникалық реттеу және метрология комитеті бас сарапшысы:

Кеден одағы аумағында тауар айналымының қауіпсіз болуы айрықша маңызға ие. Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласын кешенді дамыту бағдарламасын 2020 жылға дейін жасақтау көзделген. Себебі біздің кәсіпкерлер өз тауарының сәйкестік сертификатын Ресейге, өзге де таяу шетелдерге апарып рәсімдеуге мәжбүр. Зертханаларының құрал жабдықтарын сатып алуды, істеп тұрған зертханаларды жаңғыртып, одан әрі кеңейтуді көздейміз. Сәйкестікті растау ұйымдары осы Кедендік одақтың бірыңғай тізіміне енуі, сол одақ талабына сай болуы керек, осыны жасау біздің мақсатымыз.

Кеден одағы аясында жекелеген өнім түрлерінен 2010 жылмен салыстырғанда 2013 жылы экспорт өсімі байқалды. Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің мәліметіне сәйкес, кондитерлік өнімдер 3 есеге өсіп 35,4 млн долларды құраған. Кедендік одақтың үлесі 53%, цемент 16 есеге өсіп 7,4 млн долларды құраса, трансформаторларды сыртқы нарыққа шығару 11 есеге өсіп, 8,4 млн долларды құраған. Сусындар мен минералды суларды сыртқа сату 13 есеге өсіп, 3 млн долларды құраған. Кеден одағының үлесі - 7%.

Базаргүл ОТЫНШИЕВА